Ақ халатты абзал жандар марапатқа ие болды

Oinet.kz 22-06-2020 1072

«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» қызметкерлерін "Медицина қызметкерлері күнімен" құттықтап, кәсіподақ қозғалысына белсенді үлес қосқаны үшін бірқатар кәсіподақ мүшелерін марапаттады. 

65f3ad52-b59f-4f70-a849-1a1c5bbcf85f.jpg

Атап айтар болсақ, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің "Алғыс хатымен" орталықтың әлеуметтік қызметкері Мухаббат Шадыматқызы Ашурметова және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Құрмет Грамотасымен» орталықтың үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін №3 бөлімше меңгерушісі Гүлзира Исабекқызы Есмурзаева, орталықтың үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін №4 бөлімше меңгерушісі Айгүл Қадырқызы Құралова, орталықтың логопед-әдіскері Салтанат Мырзақасымқызы Саурбаева, орталықтың әлеуметтік қызметкері Пернекүл Шерстовна Тайғараева марапатталды.  

Өз кезегінде, «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығының» директоры Замира Абильдаева мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Перизат Қосалиева марапат табыстаған Серік Елемесұлына ыстық лебіздерін білдіріп, қуаныш пен қиын кездері үнемі жандарынан табылатын кәсіподақтардың қамқорлығы үшін алғыстарын жеткізді.

Алматылық дәрігер желіде үрейлі хабарлама таратты
Тоқаев коронавирусқа байланысты шұғыл шара қолдануды тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу