«Елжан Біртановтың ауруының асқынғаны рас па?» - экс-министрдің жауабы

Oinet.kz 26-06-2020 1411

Кеше қызметінен босатылған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұмысынан босатуды мемлекет басшысының өзі сұрағанын, денсаулығына байланысты қосымша ем алу қажет екенін мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. 

image.png

25 маусымда Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатуды сұрап, президентке өтініш жазған. 

- "Өкінішке қарай, мендегі асқынған пневмониялы коронавирус инфекциясы болғандықтан, қосымша ем алу қажет. Сонымен қатар, қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай күрделі – саланы министрлік пен аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының деңгейінде басқару қажет деп санаймын. Біздің денсаулық сақтау жүйеміз күн сайын артып келе жатқан ауыртпалықты жеңе алатынына сенімдімін. Ол үшін әрқайсымыз уақыт бөліп, беріліп қызмет етуіміз қажет. Барлық әріптестеріме денсаулық пен шыдамдылық тілеймін! Мемлекет басшысына қазақстандық денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосуға мүмкіндік бергеніне және жоғары сенім артқаны үшін алғыс айтамын!", - деді өз сөзінде экс-министр. 

«Өз анамды «ана» дей алмадым, бұл өмірімдегі бірінші қателігім» - Бейсен Құранбек
Қазақстандық дәрігер: Коронавирус пен пневмонияның айырмашылығы бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу