Қазақстандық дәрігер: Коронавирус пен пневмонияның айырмашылығы бар

Oinet.kz 26-06-2020 1115

Қазақстандық медицина ғылымдарының докторы Равиля Егембердиева пневмония індеті Covid-19-дың анық көрінісі деп отыр. Өйткені вирус адамның тыныс алу жолдары арқылы өкпеге түсіп, қабыну процесі басталады дейді. Артынша демікпе пайда болады деп тұжырымдайды.

news_full1593140209de7da2008a3bda318d860c77a657a568.jpg

Дәрігер ауруларды бөліп-жаруға болмайтынын айтады. Ал қарағандылық инфекционист коронавирус пен пневмонияның айырмашылығы бар дейді, деп хабарлайды 31 арна.

Адам Covid-19 індетін 5-6 секундта-ақ жұқтыра алса, пневмонияның да қаупі жоғары екенін айтады.

"Қазіргі пневмония коронавирустан ерекшеленеді. Өйткені коронавирустық инфекция өте тез асқынады. Мәселен, біз бұған дейін стафилокок, стрептокок, немесе басқа да кокс флорасынан туындаған пневмонияны білетінбіз. Ол өте баяу тарайтын. Бұл кезде адамның дене қызуы ғана көтерілетін. Қазіргі пневмонияның ерекшелігі - дене қызуы 37,1, 37,2 градусқа дейін көтерілсе, компьютерлік тексеріс нәтижесінде оның өпесінің 50 пайызы зақымдалғаны анықталады", - деді жұқпалы аурулар дәрігері Ғалия Жұманбаева.

Бұл өкпе 50 пайызға ғана қызмет атқарады деген сөз. Ал, вирустың бір адамнан екінші адамға жұғуы үшін небәрі 5-6 секунд жеткілікті.

«Елжан Біртановтың ауруының асқынғаны рас па?» - экс-министрдің жауабы
Еуропаның 30 елінде COVID-19 қайта өршіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу