Бүгін Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Oinet.kz 10-07-2020

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Facebook-те ҚР баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.

image.png

Отырыс сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видео байланыс арқылы өтеді.

- "Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады", -  деп жазды Берік Уәли. 

Президенттің баспасөз қызметі өзінің @AkordaPress ресми аккаунтында твит-трансляция жасайды.

«Біздің болашағымыз жоқ» - белгілі кәсіпкер министрге ашық пікір білдірді
Парамен ұсталған шенеунік жүзіп қашпақ болды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×