Шөкеев індеттен қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты

Oinet.kz 10-07-2020

Түркістан облысында коронавирустық инфекция расталып, тіркелген адамдар саны  2079-ға жетті. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев  өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте мәлім етті. 

image.png

Індетті жұқтырғандардың ең көбі Түркістан қаласында-602, одан кейінгі орында Кентау қаласы- 415, Сайрам-262 тұр.  Созақта-155, Төлебиде-145, Арыста-127, Сарыағашта-56, Жетісайда-54, Отырарда-52, Ордабасыда-48, Бәйдібекте-44, Түлкібаста-44, Мақтаралда-30, Қазығұртта-20, Келесте-18, Шардарада-7 жағдай тіркелген.  

2020 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша короновирустық инфекция бойынша 28 жағдай тіркеліп, бір күндік өсім 1,4  пайызды құрады. Бұл аурудан жалпы сауығып шыққандар саны - 795. (11 адам қайтыс болған).

- Бұдан бөлек, пневмония дертін жұқтырғандар саны -5421 болса, оның ішінде сауығып шыққандар – 2933. Яғни, 63,4 пайыз. Пневмония дертінен қайтыс болғандар саны – 46 адам.  Жақындарынан айрылған азаматтарға өзімнің атымнан, облыс жұртшылығы атынан жанұяларына, жақындарына қайғырып, көңіл айтамын, - деді облыс әкімі.  

Мәсімов премьер болуы мүмкін бе?
Ө.Шөкеев: Бағаны аспандатқандар анықталып, жазаға тартылып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×