Ө.Шөкеев: Бағаны аспандатқандар анықталып, жазаға тартылып жатыр

Oinet.kz 10-07-2020 1686

- Түркістан облысында коронавирусқа қарсы дер кезінде қабылданған тиісті шаралардың арқасында қазіргі таңда жағдай тұрақты, - деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте. 

image.png

 Емдеу шаралары үшін инфекциялық стационарларда 440 төсек-орын, провизорлық стационарларда 1 891 төсек-орын, карантиндік орталықтарда  980 төсек-орын ұйымдастырылған. Жалпы, ауруханадардағы төсек-орындар қоры жеткілікті. Дайындалған орындардың 41 пайызы қазіргі таңда бос тұр. 

- Халқы тығыз орналасқан біздің облыста артық пайда табуды көздеп, қолында бар дүниелердің бағасын аспандатқандар да анықталып, жазаға тартылып жатыр. Түркістан облысында індеттің алдын алу, науқас адамдардың жазылып шығуы үшін көптеген шаруалар атқарылуда. Барлық жұмыстарды өз қадағалуымда ұстап, сәт сайын бақылап отырмын. Дәл қазіргі халықтың амандығын қамтамасыз ету, жағдайды тұрақтандыру жұмыстары тікелей Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында. Алдағы аз уақытта біз қиындықтың барлығын артқа тастап, қалыпты өмірімізге қайта ораламыз деп сенемін, - деді өңір басшысы. 

Шөкеев індеттен қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты
Түркістанда күніне коронавирусты анықтайтын 906 тест жүргізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу