Түркістанда күніне коронавирусты анықтайтын 906 тест жүргізіледі

Oinet.kz 10-07-2020

Түркістан облысы бойынша 178 дана ИВЛ аппараты бар. Оның 45-і инфекциялық және провизорлық госпитальдарға қойылған. Жетісай, Мақтаарал аудандарының кәсіпкер азаматтары демеушілік жасап, жалпы 6 ИВЛ аппаратын сатып алып, Жетісай қалалық ауруханасына пайдалануға берді. Осындай қиын қыстау кезеңде елге қол ұшын берген кәсіпкерлерге алғыс айтамын. Облыс әкімдігінде өткен онлайн-брифингте өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев осылай деді. 

image.png

Облыс әкімінің айтуынша, облыста жалпы тәуліктік қуаттылығы 650 тестке дейін полимеразды тізбекті реакциясы әдісімен жалпы 4 зертхана коронавирусқа қарсы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы жүргізілген ПТР тест саны – 64 101, бір күндігі – 906, тест қалдықтары – 10 445.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві қаражаты есебінен COVID-19 инфекциясын емдеу және алдын алу мақсатында қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға 43,9 млн.теңге (дәрілік заттарға 2,7 млн.теңге және медициналық бұйымдарға 41,2 млн.теңге) қаралған.  Бірыңғай дистрибьютор  «СҚ-Фармация» ЖШС - мен 24,1 млн.теңгеге келісім шарт түзіліп тауарлар толық жеткізілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің төртінші резерв қаражаты есебінен 541,3 млн.теңге бөлінді. Бірыңғай дистрибьютормен  238,8 млн.теңгеге келісім шарт түзіліп, 204,9 млн.теңгеге тауарлар жеткізілген. Ал қалған 302,5 млн.теңге медицина қызметкерлерге обаға қарсы бір реттік костюм сатып алынбақ. 

Бұдан бөлек, Түркістан облысының жергілікті бюджеті есебінен 300 млн теңге бөлініп, 245 млн 973 мың теңгеге келісім шарт түзіліп, тауарлар толығымен сатып алынған. Қалған 54 млн 

027 мың теңгеге медициналық мекемелердің қажеттілігіне қарай сұраныстары жинақталуда.

Ө.Шөкеев: Бағаны аспандатқандар анықталып, жазаға тартылып жатыр
Тоқаев: «Қашанға дейін жалғасады... Намысымыз қайда»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×