Танымал қазақ дәрігері қайтыс болды

Oinet.kz 11-07-2020

Жоғары дәрежелі уролог-дәрігер, хирург, Еуропалық Урологтар қауымдастығының толық мүшесі Әділжан Хамзин көз жұмды. Мұны "Persona" халықаралық клиникалық орталықтың бас директоры Вячеслав Локшин Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Screenshot_3.png

- Қаралы хабар. Профессор, медицина ғылымдарының докторы, білікті дәрігер, нағыз маман, ұстаз, патриот, адал дос, біздің құрдасымыз – Әділжан Хамзин өмірден озды. Әділжан керемет жан болатын. 90-жылдары алаңға қорықпай шыққан, дәрігерлерді қолдау үшін аштық жариялаған, докторлық диссертация қорғап, бірнеше кітап жазған, өз саласында білікті, кәсіби маманға айналған жан. Әділжан Ақжігітұлының арқасында мыңдаған адам сауығып шықты. Адал жар, әке, ата бола білді. Туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз... – деп жазды Локшин.

Әділжан Хамзин "Шапағат" медалінің иегері, ҚР Денсаулық сақтау агенттігінің Құрмет грамотасымен арапатталған.

Дәрігердің неден қайтыс болғаны белгісіз.

Екі Аидамен де сөйлесіп, келісімге келдік – Алексей Цой
Мөлдір Әуелбекова жаңа мұсылман есіміне ие болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×