Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев көз жұмды

Oinet.kz 14-07-2020

Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев көз жұмды. Бұл ақпаратты қорғаныс министрлігінде растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты 

Өлімнің себебі айтылмады. Ведомстводағылар кейінірек толық ақпарат беруге уәде берді.

Бақыт Құрманбаев 2019 жылдың сәуір айында қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімін басқарды.

Бақыт Құрманбаев 1970 жылы 21 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін бітірген. 2005 жылы РФ құрлық әскерлерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясында білім алды. 2008 жылы Ресей Федерациясы ҚК бас штабының іскери академиясының жоғары академиялық курстарынан өтті.

Әр жылдары физика пәнінің мұғалімі, қорғаныс министрлігінің штаб бастықтары комитеті департаментінің басқарма бастығы болып жұмыс істеді.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған. Генерал-майор.

Ақтөбеде пневмониядан көз жұмған дәрігердің ұлы жанайқайын жеткізді
Дәурен Айдарқұлов бірінші әйелімен қайта қосылуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×