Танымал әнші Рано Умарова күйеуімен ажырасып кеткенін айтты

Oinet.kz 15-07-2020 2129

"Дауыс International" тобында өнер көрсетіп, қалың көпшілікке танылған Рано Умарова жеке өміріндегі жаңалықтары жайлы айтты. Кезінде тұрмысқа шығып, отбасы үшін өнерден кетуге шешім қабылдаған әнші жолдасымен айырылысып кеткен. Ол ұлының әкесімен бір шаңырақ астында тұрмайтынын жеткізді. Бұл туралы "Paparazzi" бағдарламасында айтылды. 

Screenshot_10.jpg

Отбасылық өмірі жайлы көп айта бермейтін Рано Умарова бұл жолы ағынан жарылды. Өнер иесі күйеуімен ажырасып кеткенін растады. Оған қарамастан, ерлі-зайыптылар жақсы қарым-қатынасты сақтай алған көрінеді. Әнші жолдасы екеуі ұлының тәрбиесіне бірдей атсалысып жүргендерін айтты. 

"Ұлымның әкесін қатты сыйлаймын. Біздің арақатынасымыз жақсы. Балам әкесін өте жақсы көреді. Сол себепті, менің ол жайында жаман айтуға құқығым жоқ. Ол отбасы ішіндегі мәселе, оны қалың жұртқа жария салмаймын. 

Бәрі жақсы, біз сол қалпы ата-ана ретіндегі парызымызды жақсы орындап жүрміз. Көпшіліктен жасыра алмайсың ғой. Барлығы дерлік менің ажырасып кеткенімді білген болар. Біз бірге тұрмаймыз. Бірақ, ұлымыздың ата-анасы болып қала бермекпіз. Ұлым Әмірхан әкесі сияқты болғысы келеді. Әкеміз кәсіби боксшы. Балам да мықты спортшы болғысы келеді. Бірақ, оған әлі ерте. Ол небәрі төрт жаста" , - деді Рано Умарова. 

«Күйеуім ішкіш болғасын екі баламен қашып кетуге тура келді»: Бибігүл Төлегенова отбасы туралы
Ресейлік дәрігерлер Қазақстандағы "белгісіз пневмонияның" шын мәнісінде қандай ауру екенін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу