Гүлшара Әбдіхалықоваға ащы шындықты айтқан Сандуғаш Тұрлыбекова шын мәнінде кім?

Oinet.kz 10-08-2020 15847

Соңғы уақытта әлемжеліде Сандуғаш есімі танымалдылыққа ие болды. Әңгімеміз Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықоваға өткір сөйлеп, қалың көпшіліктің ықыласына бөленген Сандуғаш Тұрлыбекова есімді әйел туралы өрбігелі тұр.

image.png

Оның айтқан өткір сөздері көпшілікті тәнті етті десек артық айтқан болмас еді.

Жанат есімді әйел Салтанат Турлыбекова туралы әлеуметтік желіге мынадай пікір қалдырды.

- Мен әкім Гүлшара Әбдіхалықованы орнына қойған батыр әйел Сандуғаштың шешендігіне қарап тәнті болдым. Алайда оның Facebook-тағы парақшасына кіріп едім басында осының бәрі рас па деген сұрақ туындады. Әлде бұл кезекті спектакль ме? Бұл әйелдің суреттеріне қарасам оның айналасында кілең саясатқа қатысы бар адамдар. Жанболат Мамай, Төлеген Жүкеев, Талғат Қатауов сынды белгілі тұлғаларды байқауға болады. Ол Сәуле Әбілдаханқызының бандасынан. Оның айналасында өңшең биліктегі топтар жүр. Егер бұл видео шынайы емес, тек халықтың назарын аудару үшін жасанды, арнайы түсірілген болса қалай болады. Бұны ақпараттық шоу немесе дау деп атайды. Сандуғаштың видеосын биліктегі қызмет ететін топтар, инстаграм парақшалары жарыса салды.Сандуғаштың видеосын аяқ асты барлығы кеңінен тарата бастады. Ертең сол Сандуғаш өзінің жақтастарын көтеріп, белгілі бір тақырыпқа қатысты үгіт-насихат шараларын көтеріп жатса, оған мен еш таңқалмаймын. Бұл Демократиялық партияның бір мүшесі немесе басқа жаңа нәрсе болуы мүмкін. Жалпы айтқанда маған осының бәрі мүлле ұнамайды. Халықтың миын тағы ашытпақ, - деді өзінің әлеуметтік парақшаларында Жанат Анетова.

image.png

Ал, Сандуғаш ханым желі қолданушысы Жанат Анетованың пікіріне өз жауабын берді.

- Мына постты арнайы қанша ақшаға жасаттыңдар, - деді Сандуғаш Тұрлыбекова. 

image.png

Жақсылық Үшкемпіровтың соңғы сұхбаты жарияланды (видео)
Туған әпкесінің қаза болғанын естісе де есеңгіреп отырып сұхбат берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу