Сәкен Қалқаманов отставкіге арыз жазбайды

Oinet.kz 04-09-2020 2267

- Түркістан облысында 700 мың теңге пара алды деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылған облыстық мәдениет басқармасының экс-басшысы Н.Исабектің орнына басшы тағайындалды. Жаңа басшы-Әзімхан Қойлыбаев былтырдан бергі аралықта аталға басқармада басшының орынбасары лауазымын атқарып келген. Алайда бұл сотталып кеткен Н.Исабектің ісіне нүкте қойылды дегенді білдірмейді, - деп хабарлайды Oinet.kz  сайты.  

image.png

Біріншіден, сот үкімімен жеті жылға бас бостандығынан айырылған Н.Исабек апелляциялық шағым беруі мүмкін. Апелляциялық алқа алғашқы соттың үкімін өзгерте ме, күшінде қалдыра ма, бұл жағы әлі белгісіз. 

Екіншіден, сот үкімі күшіне енген соң былтыр желтоқсанда сыбайлас жемқорлық туралы заңнамаларға енігізілген өзгеріс бойынша Түркістан облыстық әкімдігіндегі лауазымды қызметкерлер отставкіге арыз беруі тиіс. Н.Исабек үшін кім отставкіге арыз жазады?

Отставкіге арыз берудің тәртібін тәпсірлеп жүрген Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшыларының сөзіне сенсек, облыста басқарманың басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталса, ол үшін облыс әкімінің осы басқармаға бақылау жасайтын орынбасары отставкіге арыз беруі тиіс. Яғни, Исабекке қатысты үкім күшінде қалдырылса, онда ол үшін облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов арыз жазуы керек еді. Алайда тиісті орындардан сұрау салып білгеніміз- Қалқамановтан бұл жолы отставкіге арыз беру талап етілмейді.  Себебі экс-басшы Н.Исабек пара алу қылмысын 2019 жылдың тамызында жасаған. Ал отставкіге кетуге міндеттейтін заң одан кейін, былтыр желтоқсанда қабылданған. Яғни, «заңның кері күші болмайды» деген қағидаға сәйкес Қалқаманов отставкіге арыз жазбайды. 

Кусто Тоқаевқа маңызды хат жазды (хат, видео)
Қазақстанда той тойлау заңмен реттелетін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу