Қазақстанда той тойлау заңмен реттелетін болды

Oinet.kz 04-09-2020 809

Қазақстанда ас, жиын, той томалақты өткізудің ережесі заңмен реттелетін болады. Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев осы мәселемен айналысатын жұмыс тобын құруды ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

Назарбаев покритиковал шымкентские свадьбы - 365info.kz

- Біздің қоғамымыз жаңарған соң ұстанатын салт-дәстүрлеріміз де өзгеруге тиіс. Елді кері тартатын жағымсыз қасиеттерден тездетіп арылуымыз керек. Мысалы, қазақтың тойы есепсіз шығынның емес, шынайы шаттықтың көрінісіне айналуға тиіс. Барымызды шашып-төгіп, қарызданып той мен басқа жиын өткізетін әдеттен арылуымыз қажет. Ысырапшылдық пен даңғазалық қоғамның да, адамның да абыройын төгеді. Сондықтан кейбір мәселелерді заңды жолмен реттеудің кезі келді деп ойлаймын. Ал жауапсыздық пен немқұрайдылық бүкіл елді қасіретке ұшыратады, - деді хатшы. 

Көшербаевтың айтуынша, бекітілген санитарлық талаптарды бұзып, жасырын той жасап, құдалық өткізіп, ас беріп жатқан оқиғалардың арты орны толмас өкінішке әкеп соқтыруда. «Көрші елдерде туғаннан өлгенге дейінгі орындалатын салт-дәстүр, әдет-ғұрып рәсімдерін заңмен реттеп қойғандықтан халық қойылған талапты қалыпты түрде қабылдайды. Біз не істеуіміз керек? Алдағы уақытта көпшілікпен кеңесе келе, біз де көрші елдердің үлгісі бойынша ғұрыптық рәсімдерді заңмен реттеу шараларын қолға алатын уақыт жетті деп ойлаймыз. Сондықтан, дүниежүзілік пандемия тұсында және одан кейінгі кезеңде ғұрыптық рәсімдерді заңмен реттеу шаралары бойынша зиялы қауым мен қоғам қайраткерлері, осы саламен айналысатын заңгерлерден құралған жұмыс тобын құруды ұсынамыз», - деді Мемлекеттік хатшы. Бұл топ көрші елдердің тәжірибесін зерттеп, халықтың ой-пікірін зерделеп және қажет болған жағдайда тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасын әзірлеумен айналысатын болады.

Сәкен Қалқаманов отставкіге арыз жазбайды
Тұяқбаевты не түлен түртті?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу