Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан 2 бөлмелі пәтер берілді

Oinet.kz 30-12-2021 1102

Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан екі бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

"Түркістанды түлеткен" атты жыл қорытындысына арналған іс-шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев боксшыға пәтер кілтін табыс етті. Пәтер "Сырдария" тұрғын үй кешенінде орналасқан. 

- "Алда Түркістанға қоныс аударамын. Осында жаттығамын. Жаңадан құрылып жатқан "Тұран" бокс клубында жаттығу жасап, әрі жастарға шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап отырмын", - дейді Сәкен Бибосынов. 

«Аудандық әйелдер кеңесі» ұйымдастырушыларды Жаңа жылмен құттықтады
Шымкентте кәсіпкерлерге «Жомарт жүрек» сыйлығы тапсырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу