Медициналық мекемелерге көмек көрсетілуде

Oinet.kz 18-09-2020 881

Жамбыл облысының медициналық мекемелеріне жаңа жедел жәрдем көліктері пайдалануға берілді. Бұдан бұрын облысқа ӨЖЖ аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк жеткізілген болатын.

image.png

Аталған көмек "Самұрық-Қазына" АҚ мен Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында көрсетіліп отыр. Облысқа үш ӨЖЖ аппараты, бес оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр жеткізілді. Сондай-ақ, "Chevrolet Damas" маркалы сегіз жедел жәрдем көлігі берілді. «Біз барлық жанашыр азаматтарға медициналық препараттар мен дәрі-дәрмектерді, оттегі концентраторларын, ӨЖЖ аппараттарын және пандемиямен күреске қажетті басқа да құралдарды сатып алуға көмектескені үшін алғыс айтамыз. Бұл көмектердің маңызы зор. "Самұрық-Қазына" АҚ - нан алынған барлық жабдықтар қалалық және аудандық емханаларға үлестіріледі», – дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Сондай-ақ Жуалы ауданындағы орталық аурухананың мамандандырылған жылжымалы көліктер паркі жаңа заманауи көпфункционалды реанимобильмен толықты. Ауданның тумасы, жеке кәсіпкер, халықаралық «Kusto Group» компаниясының негізін қалаушылардың бірі, Талғат Тұрымбаев құны 40 миллион теңгені құрайтын  жылжымалы  реанимобильді сатып алып, медициналық мекемеге сыйға тартты. Бұған дейін, жуалылық атымтай жомарт пандемия кезінде ауданға қол ұшын созған. Ол орталық ауруханаға қажетті дәрі-дәрмектер, медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш құралдарын және 30 оттегі баллонын жеткізіп берген. Сондай-ақ, кәсіпкер ауруханадағы инфекциялық бөлімге  оттегі жеткізу жүйесін  орнатуға ықпал етті. Демеуші көмегінің жалпы соммасы 102 млн  теңгені құрайды.

Реанимобильді табыстау рәсімі аудандық орталық ауруханада өтті. Салтанатты шараға медициналық қызметкерлер және ауданның тұрғындары қатысты. Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков уақытпен санаспай, өз денсаулықтарын қатерге тігіп,  адамдарды қауіпті індеттен арашалауға барын салған дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге алғысын білдірді. Сондай-ақ  Талғат Тұрымбаев та жерлестеріне назар аударып, жуалылық медицина қызметкерлеріне деген ризашылығын жеткізді. Болашақта компания тағы бір мобильді  цифрлық диагностикалық жабдықты орнатпақ ниетте, сонымен қатар облыстағы аз қамтылған отбасыларға арналған екі тұрғын үйді пайдалануға бермек.

Қытай Қазақстанмен денсаулық қауымдастығын құрады
Сэр кеңесші
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу