Есмағамбетова бас санитар дәрігер қызметінен неге босатылды

Oinet.kz 19-09-2020 675

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте департаменттегі кадрлық жиі ауысуларға қатысты пікір білдірді - соңғы алты айда елдің бас санитарлық дәрігері үш рет өзгерді.

image.png

БАҚ өкілдері пандемия басталған кезде бас санитарлық дәрігердің қызметін Жандарбек Бекшин атқарғанын еске түсірді (қазір ол оңтүстік астананың бас дәрігері - ред.). Кейін оның орнына Айжан Есмағамбетова келді. 

Енді елімізде маусым-шілде айларында түскен коронавирус инфекциясының ең жоғары кезеңі басталғаннан кейін, Ерлан Қиясов бас санитарлық дәрігер лауазымына тағайындалды. БАҚ өкілдері Есмағамбетованы бұл қызметінен не үшін алып тастағанын және оның қандай істі атқара алмағанын сұрады. Бағдат Қожахметов бұған жауап ретінде өзгерістердің кадрлық ауысуларға қатысы жоқ екенін айтты. 

"Бұл тек бас санитарлық дәрігердің мәртебесін көтеруге байланысты. Өздеріңіз білетіндей, қазір бас санитарлық дәрігер сонымен қатар денсаулық сақтау вице-министрі болып табылады. Бұл Қазақстандағы санитарлар мен эпидемиологтардың жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді", - деді ол. 

Елімізде тағы 65 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып алды
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде «Береке, бірліктің символы - Тайқазан» көрмесі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу