«Ешкімнің басына бермесін»: Назарбаев коронавируспен қалай ауырғанын айтты

Oinet.kz 29-09-2020

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен қалай ауырғандығы туралы айттып берді.

Screenshot_3.jpg

"Мен коронавируспен ауырдым, бұл ауруды ешкімнің басына бермесін. Сондықтан, маскаларыңызды шешпеңіздер. Тізеңізбен немесе шынтағыңызбен амандасыңыз. Ал қыздарға маскалар қатты жарасады. Бүкіл ертегіде ханшайымдар маска киіп жүрген", - дейді Назарбаев.

Еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан халқына алғыс айтты. Сонымен қатар, Назарбаев өз денсаулығын алаңдағандарға жағдайының жақсы екенін жеткізді.

"Маған денсаулық тілеп хат жолдағандардың барлығының сәлемдемесін қабылдадым. Қазақстанның, әлемнің түпкір-түрпкірінен мыңдаған желехат келді. Алғысым шексіз. Менің ойымша пандемияның бітетін кезі болады. Шамамен 180 түрлі вакцина жасалып жатыр. Қазақстан да өз вакцинасын ұсынды. Ресеймен, АҚШ-пен де келісімге отырдық. Ауырмаңыздар, баршаңызға денсаулық тілеймін", - дейді Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанда, онда қаланың даму жоспарларымен танысуда. Бұған дейін Тұңғыш Президент қаланың халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысқан болатын.

Манкент ауыл округінде бағдаршам мәселесі өз шешімін тапты
Келіссөздер пулы құрылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×