Праймериз: Әлеуләй біткенімен, әлі халеуләй бар

Oinet.kz 13-10-2020 882

«Нұр Отан» партиясының праймеризінен қазіргі шақырылымдағы депутаттардың үштен бірі ғана өткен. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

image.png

Оның мәлімдеуінше,  праймеризге қатысқан 10 073 кандидаттың 1410-ы  барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаты.  қатысқанын атап өтті. Олардың 213-і партияішілік іріктеудің бірінші кезеңінен өте алмаған. Яғни праймеризден мәслихаттардың қызметтегі депутаттарының үштен бірі ғана өтті. Ең жоғары нәтижеге қол жеткізген 500-ден аса қатысушы – волонтерлар, көп балалы аналар, қарапайым педагогтар, дәрігерлер, кәсіпорын қызметкерлері және басқалар.

 «Осылайша, праймериздің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша «Nur Otan»-ның барлық деңгейдегі мәслихаттарға арналған партиялық тізімдері 60 пайыздан астам жаңарады деп айтуға негіз бар», - деп жазды Бауыржан Байбек.

 Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша кемінде 30 пайыз әйелдер мен 20 пайыз 35 жасқа дейінгі жастарға берілген квота ескеріліп, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға арналған сайлауалды партиялық тізімдер жасалады.

Партияішілік іріктеудің екінші деңгейінде аудандық және қалалық конференциялар өткізіліп, онда тиісті мәслихаттар сайлауларына арналған партиялық тізімдер бекітіледі. Сондай-ақ, осы конференцияларда сайлаушы-делегаттар жасырын рейтингтік дауыс беру жолымен жоғары деңгейдегі өңірлік мәслихаттар мен Мәжіліске арналған партиялық тізімдерге қосу үшін үміткерлерді сайлайды.

Кандидаттар алдағы пікірсайыстарда тағы да бағын сынайды. Республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда Мәжіліске үміткерлер екі рет – аудандық және облыстық конференцияларда пікірсайысқа түседі. Яғни, Бауыржан Байбектің берген мәліметінен түсінгеніміз, депутат болудан дәмелілердің әлі тағы сайысқа түсулеріне тура келеді. Әлеуләй біткенмен, әлі халауләй бар деген сөз. 

Праймериз ережесіне сәйкес Парламенттің төменгі палатасындағы «Nur Otan» партиясының қызметтегі депутаттары облыстық партиялық конференцияларда үшінші деңгейдегі партияішілік іріктеуге қатыса алады. Облыстық мәслихаттарға партиялық тізімдер тиісті конференцияларда, ал Мәжіліске арналған қорытынды тізім – «Nur Otan» Съезінде бекітіледі.

-Ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету үшін праймериздің барлық кезеңі партияның сайтында, сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланады», - деп жазды Бауыржан Байбек.

Шымкент Түркістан облысынан озып кетті
«Нұр Отанның» Абасов пен Жамаловқа сөзі жүрмей ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу