Шымкент Түркістан облысынан озып кетті

Oinet.kz 13-10-2020 1584

Үкімет тоғыз айды қорытындылады. Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің атқарылуының нәтижелері қаралды. 

image.png

Экономиканың базалық салаларында қабылданып жатқан шаралардың арқасында осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өсудің оң серпіні сақталуда. Өңдеу өнеркәсібінде 3,3 пайыздық өсім қамтамасыз етілді. Құрылыс көлемі 10,5 пайызға, тұрғын үйді пайдалануға беру 9 пайызға немесе шамамен 9,6 млн шаршы метрге ұлғайды. Ауыл шаруашылығында 5 пайыздық тұрақты өсім сақталды. Алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордың активтері биылғы 1 қазанда 91,1 миллиард долларды  құрады. 

«Көрсеткіштердің тұрақты өсу үрдісі жалпы экономиканың қалпына келуін көрсетеді», — деді А. Мамин. 

Үкіметтің ресми сайтының хабарлауынша биылдың тоғыз айында Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы негізгі 7 көрсеткіштің 5-і бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуін қамтамасыз етті. Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 4 көрсеткіш бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Мұнай-газ секторындағы өндірістің төмендеуіне байланысты артта қалған өңірлер арасында Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары бар. 

«Жалпы, Қазақстан экономикасы пандемия мен жаһандық экономикалық дағдарыстың елеулі әсеріне қарамастан, нақты секторда да, қызмет көрсету саласында да көрсеткіштердің өсуін көрсетуде», — деді А. Мамин. 

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдеріне Мемлекет басшысы алға қойған барлық міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін жұмысты жандандыруды тапсырды. «Бюджеттің кіріс бөлігіне қатысты жыл соңына дейін бекітілген жоспардың 100 пайыз орындалуына қол жеткізу қажет. Қазіргі жағдайларда бюджеттің атқарылуы тұрғысынан орталық және жергілікті органдардың басшылары жыл соңына дейін тиімді және уақытылы игеруді қамтамасыз етуі тиіс. Жыл соңына дейін 3 ай қалды және барлық жобаларды аяқтап, жоспарларды іске асыру үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажет», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Жалпы осы тгғыз айдың қорытындысы бойынша кейбір өңірлер алға шығып, кейбірі төмендеді. Осы уақытқа дейін бірінші орынды бермей келген Даниал Ахметов тізгін ұстаған Шығыс Қазақстан облысы  бұл жолы ортадан орын алды. Ал Шымкент керісінше жоғарылап келеді.  Үш айдң қорытындысы бойынша өткен Үкімет отырысында  үшінші мегаполис ең соңғы болып аталып еді. Алты айдың қорытындысында ортаңғы топқа енсе, міне, тоғыз айдың қорытындысы бойынша Шымкент үздік жетілікке енді. Мұрат Әйтенов көп мақталатын Түркістан облысының тізгінін ұстаған  Шөкеевті де шаң қаптырып кетті десек артық айтқанымыз емес. 

Айтпақшы,   Жамбыл облысы тағы да үздік үштіктен көрінді. Бердібек Сапарбаев іскерлігін Әулиетада өңірінде де  дәлелдеп жатыр.   

Шымкентте «Жемқорлық бізге жат» акциясы аясында басшылар жалақыларын жария етуде
Праймериз: Әлеуләй біткенімен, әлі халеуләй бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу