Шымкенттік әйел кішкентай баласын 1 млн теңгеге сатпақ болды

Oinet.kz 20-10-2020 1024

Шымкент қаласында 27 жастағы тұрғын кішкентай баласын 1 млн теңгеге сатпақ болған кезінде ұсталды,  деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Шымкент қаласы полиция департаменті есіртке бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерін жедел іс-шарасын жүргізді. Оның барысында 1993 жылы туылған Назгуль Есенова өзінің кәмелет жасына толмаған баласын 1 000 000 теңгеге жергілікті тұрғындарға сатып жатқан кезінде ұсталып, полицияға жеткізілген.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында, аталған азаматша өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған іс әрекеті үшін өкінді.

- "Күдіктіге "үйқамақ" түріндегі бұлтаратпау шарасы қолданылып, ағымдағы жылдың 20 наурызында аталған қылмыстық іс бойынша жинақталған іс-құжаттары айыптау актісімен сотқа жолданды. 2020 жылдың 27 қыркүйегінде Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған аудан аралық сотымен аталған азаматша ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі 12-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айырылды", - деді Шымкент қаласының полиция департаментінде.

Ауыл шаруашылығы министрі бюджеттен 3 млрд теңге қаржы сұрады
Президентке маңызды ашық хат жолданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу