Шетелде жалаңаш «Боратты» көрген қазақ студенті өкінішін жеткізді (видео)

Oinet.kz 27-10-2020 1513

"Борат-2" фильмінің флешмобы әлем елдерін аралап кетті. Оны өз көзімен көрген Польшада оқитын қазақстандық студент қолынан келер қайран болмағанына өкінішін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Варшава қаласында оқитын Арлан есімді қазақ баласы көшеден атышулы фильмді жарнамалаған бір топ жалаңаш ер адамды көрген. 

- Бір топ Борат кейпіндегі ер адам алаңмен жүріп өтті. Бәрі соларды телефон камерасына түсіріп жатты. Қолдан келер қайран жоқ. Флешмоб өткен алаң тәртіп сақшыларының бақылауында. Ештеңе істей алмағаным қынжылтады, - дейді ол. 

Арлан сабағының күнде сол тақырыппен басталатынына үйреніп қалған. 

- Сол рас па? Сондай салт-дәстүрлерің бар екен ғой? - деп сұрайды менен топтағы студенттер. Мен қазір ашуланбайтын болдым, - дейді шетелдегі қазақ студенті. 

Ол шетелдік студенттерге Қазақстан туралы көп естігенше, бір рет барып көруді ұсынады. 

- Ең өкініштісі - олар (шетелдіктер) сол киноға сеніп жүр, - дейді Арлан. 

Оның айтуынша, шетелдіктердің көбісі Қазақстанның дәл қай жерде орналасқанынан бейхабар. Себебі жастардың кітап оқуға, білім алуға, деректі фильм көруге зауқы жоқ. 

Балқаштағы ауруханада екі жасар бала қайтыс болды
Шымкентте сәйкестікті растау мекемелері 22 салыстырып тексеру жұмысын атқаруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу