Шымкентте жоғалған қыз Тараздан табылды

Oinet.kz 30-11-2020 693

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері жоғалған қызды Тараздан тапты, деп хабарлайды Oinet.kz  тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

image.png

Осы жылдың 26 қарашасында "102" нөміріне әйел хабарласып, 12 жастағы қызының жоғалғанын айтып, полициядан көмек сұраған. Шымкент қаласы полиция департаменті Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері оқушыны шұғыл іздеуге кіріскен.

- Жоғалған қыз көпбалалы отбасында тәрбиеленген. 26 қарашада 12 жастағы қыз қаладағы "Алаш" базарына барып, үйіне оралмаған. Іздестіру барысында тәртіп сақшылары қызды Тараз қаласынан тапқан. Ол Шымкент-Алматы бағытындағы жолаушылар көлігінде болған, - делінген хабарламада.

Абай ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі Орынбек Өмірзақ қызды Шымкент қаласына жеткізген.

Қазіргі таңда психолог жасөспіріммен жұмыс жүргізіп жатыр. Оқушының анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтып, оларға ризашылығын білдірді.

Министр Бағдат Мусин халықтан кешірім сұрады
Жанболат Мамай Тасмағамбетовтың сенімді адамы екені рас па? (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу