Грекияның ең жас депутаты Шымкент тумасы болып шықты

Oinet.kz 02-12-2020 975

Грек парламенті мүшелерінің арасындағы ең жас депутат Мария Апатзиди Шымкентте дүниеге келген. Қазақстанның Грекиядағы елшісі Алексей Волков депутатпен кездесті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты. 

image.png

СІМ мәліметінше, әңгіме барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен даму келешегін талқылаған. Мария Апатзидидің сөзінше, Қазақстанда туған гректер өткен ғасырдың соңында тарихи отанына оралған. Депутат бүгінде Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени үдерістерге қызығушылықтың артып жатқанын айтып, екі ел арасында туристер алмасу әлеуетін арттыруға, қос тараптың ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Жақында Қазақстанның мәдениет министрлігі мен Грецияның туризм министрлігі туризм саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Құжат Марияның партиясы тарапынан толық қолдау тапқан. 

Кездесу соңында Волков пен Апатзиди байланысты жалғастыруға уағдаласып, болашақта атқарылатын жұмыстарды нақтылады. 

Маминнен есеп беруді талап еткен Әлтаев депутаттық өкілеттігінен айрылып қалды
Асхат Аймағамбетов ЖОО ұстаздарына уәде берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу