Түркістан - Төлеби: «Есіктен есікке» акциясы жалғасуда

Oinet.kz 12-12-2020 853

Төлеби ауданы 3.jpg

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Н.Қойбағаров, Н.Клушев, Х.Аширбеков, Ф.Калтаева, А.Шырынбек және Е.Жабаев "ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы аясында Бірінші Мамыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. 

Әлеуметтік көмек.jpg

Нұр Отан.jpg

Төлеби ауданы 1.jpg

Акция барысында тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, онда кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ондағы негізгі ережелері – еңбек ақыны көбейту, мемлекеттің әлеуметтік саясатын күшейту мен экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын ерекше атап өтті. Партия, Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатын жалғастыратын, биліктің партиясы ретінде көшбасшылар арасындағы сабақтастықты орнататынын тілге тиек етіп, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі бірінші орында. Тұрғындардың ұсыныстарын саралап, осы мәселелерді шешу жолында әрекет етуге дайынбыз. Сіздің дауысыңыз біз үшін маңызды. Сіздің таңдауыңыз біздің болашағымызды айқындайды.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.

Орташа мөлшері 490 мың теңге: Қазақстанда декреттік төлем қалай тағайындалады?
Балабақшаларда тамақ енді тегін берілетін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу