Мемлекет басшысы әкімдермен кеңес өткізді

Oinet.kz 19-12-2020 728

Мемлекет басшысы Ақорда резиденциясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Тоқаев Президент.png

Жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу мәселелері талқыланды.

Президент бұған дейін берілген тапсырмалардың атқарылуы жайындағы әкімдердің есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың басшыларына пандемия жағдайында халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

Тоқаев әкімдермен кездесті.png

Жиын соңында Мемлекет басшысы әкімдерге аймақтарды дамытудың, халықтың тұрмысын жақсартудың өзекті мәселелерін шұғыл шешу, сондай-ақ, Жұмыспен қамту жол картасын тиісті деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Головкин Шереметаны нокаутпен жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады
Елбасы Геннадий Головкинді құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу