Бағдадтағы АҚШ елшілігіне зымыран атылды

Oinet.kz 21-12-2020 675

Ирак астанасы Бағдадтағы АҚШ елшілігіне зымыранмен шабуыл жасалды, деп хабарлайды Reuters.

АҚШ Бағдат.png

Дереккөз мәліметінше, АҚШ елшілігіне кем дегенде 3 зымыран атылған. Тағы 2 зымыран Бағдадтың "жасыл аймағындағы" дипломатиялық миссиялар мен мемлекеттік органдар және тұрғын үй ғимараттарына құлаған.

Иран әскери күштерінің мәлімдемесіне сәйкес зымыранның басым бөлігі тұрғын үй кешені мен қауіпсіздік бекетіне құлаған. Салдарынан ғимараттар мен көліктерге зақым келіп, бір Ирак сарбазы жарақат алған.

Оқиға орнынан түсірілген видеолардан елшілікті күзету үшін орналастырылған әуе шабуылына қарсы қорғаныс қондырғылары зымыранды қалай атып құлатқанын көруге болады.

Бағдадтағы АҚШ елшілігі зымыранды атып құлату үшін C-RAM қорғаныс жүйесі іске қосылғанын растады.

АҚШ билігі елшілікке зымыран атылғанын айыптап, Ирактың барлық саяси және үкімет басшысын мұндай шабуылдың алдын алуға және кінәлілерді жауапқа тарту үшін тиісті шараларды қабылдауға шақырды.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ирактағы шабуыл салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза тапқанын атап өтіп, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тіледі.

Ирак президентінің баспасөз хатшысы да шабуылды айыптады.

АҚШ-тың ресми өкілдері шабуыл жасады деп Ирак қолдау көрсететін жасақтарды айыптап отыр. Алайда шабуылға жауапкершілікті Иран

қолдайтын бірде-бір жасақ алған жоқ.

Ирактың қауіпсіздік қызметі зымыран қондырғыларын іздеп жатыр. Бағдадтағы АҚШ елшілігін қауіпсіздік күштері қырағы күзететін болды.

«Ресей, Қазақстаннан қолыңды тарт!»: Түркия жастары челлендж бастады (видео)
Кандидаттар «Түркібасы» ЖШС ұжымымен экспромт-кездесу өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу