" />

" />

" /> Димаш Құдайберген "Қазақтың намысын жерге таптадың" дегендерде жауап берді-Жаңалықтар

Димаш Құдайберген "Қазақтың намысын жерге таптадың" дегендерде жауап берді

Oinet.kz 28-12-2020 14313

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов жақында "Россия" телеарнасында көрсетліген "Привет, Андрей" бағдарламасындағы жағдайға байланысты отандастарының сынына жауап берді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Димаш Құдайберген.jpg

"Қымбатты достар! Кеше "Россия" арнасынан көрсетілген "Привет, Андрей" бағдарламасын көрген боларсыздар. Эфирде мен үшін маңызды, бірақ кішкене айтқан сөзім бар еді. Мен өз отанымды жақсы көретінімді, жерлестерімді жақсы көретінімді айтқан болатынмын. Бірақ, 2013 жылы "Саз әлемі" жобасындағы жағдай қазақ халқының маған деген қарым қатынасы деген сөз емес. Мен 2013 жылы осы бағдарламаға дейін дәл осылай ән шырқадым және халықаралық байқауларда жеңіске жеттім, мен өз қалауым бойынша ән айта беремін және өз жұмысымды өзім қалағандай жасаймын. 

Менің ата-анам, туыстарым, достарым бар, олар маған бәрінде көмектеседі. Бірақ қазіргі менің осы дәрежеге жеткенім Қазақстанның арқасында. Мен Қазақстанда өстім, қазақ тағамдарын жедім, қазақ вокал мұғалімінен оқыдым, мен қазақ отбасында өстім. Мені алға жетелейтін басты ынталандыруым - бұл менің ұлтым және менің елім! 

Америка немесе Қытай болсын, менің мансабым қарқын ала бастаған халықаралық жарыстарға мен жалғыз ғана ниетпен бардым - өз еліміздің абыройын асқақтату. 2013 жылғы видеоға байланысты, шыны керек ол видеоны көремін деген ой болған жоқ, өйткені, оны ұмытып кеткенмін. Оларға өкпелі екенімді, ресейлік әріптестерімнің алдында отандастарымды қорғамадым деген нәрсе болған емес. Отандастырып қорғап, сөйлеген сөзімді эфирден көрсетпеген екен. Құрметті достар, бұрынғы видеоны жіберуді доғарсаңыздар. Қанша жыл өтсе де, адамдар ол видеоны талқылауды доғарар емес. Бала кезімнен мен сынға дайын болдым, объективті болсын, объективті емес болсын, менің ар-намысыма тию өте қиын. Сол видеодағы адамдарға көп жаман сөздер айтылып жатыр. Әркімнің өз пікірі бар, олардың пікірі өзгерсін, өзгермесін бәрі артта қалды. Әркімнің өз отбасы, балалары бар, меніңше, олар әрдайым адамдардан ауыр сөздер айтқанды ұнатпайды.  Әрбір елде осы видео туралы айтқанды өзім де ұнатпаймын. Болған нәрсе, болды. Өз басым бұны бұрында ұмытқанмын. Қазіргі қиын жағдайда біз-бірімізді қолдауымыз керек. Ешкімді ренжітпейік", - деп сөзін аяқтады Димаш Құдайбергенов.

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Screenshot_6.jpg

Танымал журналист Димаш Құдайбергенді қатаң сынға алды (видео)

Еске сала кетейік, жақында ресейлік бағдарламаға Димаш қатысты. Бағдарлама барысында кезінде вокалист Бағым Мұхитденованың Димашты сынаған видеосы көрсетілді. Сонда Игор Крутой, Сергей Лазарев, Николай Басков сынды Ресей эстрада жұлдыздарды "Бұлар кімдер?" деп сұрайды. Димаш әділ-қазылардың көңілінен шыға алмағанын айтты. Димаштың осы сөзіне кей қазақстандықтар ашуланып, оған "қазақстандықтарды намысын жерге таптадың" деп реніштерін білдіріп еді.

Болат Назарбаев: Кімнің қандай адам екенін ішім сезеді. Жау іштен шығады
Мұхтар Әблязов 15 жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу