Дәулеттен ең жас депутат Мәди Ахметов туралы пікір білдірді (видео)

Oinet.kz 27-01-2021 1803

Белгілі блогер, журналист Дәулет Төлеутайұлы ең жас депутат Мәди Ахметов туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты.

Мәди мен Дәулет.jpg

Қазақтың Дәулеті тірі адамға ескерткіш қоюды табынушылықтың көрінісі деп есептейтіндігін жеткізді.

- Мәди сайлаудан екі апта өтсе де пост салмаған екен. Неге пост салмай жүр деген ой болды. сөйтсем бүгін пост салыпты. Сосын постқа жаздым. Біздің елде жастарға арналған жалпы баспана мәселесі керек деп жазып едім. Сосын ол жазды дайректке жазамын. Алдағы уақытта, осы аптада кездесейік деп. Мен мысалы мынадай нәрсені ұнатпаймын. Тірі адам. Ойбай оған ескерткіш қою керек. Босқа ұрандатып, очко жинау деген нәрсені мен өзім қабылдай алмаймын. Ескерткіш оған барып, түрін көріп, кейбіреулер оған гүл қойып табынаудың дүниесін жасап кетеді. Мұхаммед деп қанша балаға есім беріліп жатыр. Мысалы, пайғамбарымызға ескерткіш қойылған жоқ қой мысалы. Сол сияқты дүние ғой бұл жерде. Ескерткіш қойылатын болса жеке табынушылықтың элементтері басым боп кетеді. Мен соны айтқым келеді. Ал, енді бұл жерде мен Мадиді көре алмай, ішім жанып, өртенген емес. Мен өзім жеке қазаққа әрбір пайдасы тиетін жан болса мен өзім қуанатын адаммын - деді Дәулет Төлеутайұлы. 

Сондай-ақ, блогер Мәдидің ескерткіш туралы пікірін қай кезде айтқандығын мәлімдеді.

- Мәдидің жұмысына уақыт өте келе халық өз бағасын береді. Бұл постқа келетін болсақ мен бұл жерде босқа жалпақтаудың қажеті жоқ екендігін көрсеткім келді. Қателеспесем ол сөз Алматыда "Жас Отанның" кезінде айтылды. Сол кезде де мен өзім араласатын ортада "ай мына сөзді Мәди бекер айтты ғой" - дедім. Сол кезде айтты бұл сөзді Мәдиге біреулер айтқызған сияқты деп - дейді Дәулет Мұқаев.

Еске сала кетейік, Дәулет Төлеутайұлы Instagram парақшасында сайлаудан кейін Мәди Ахметовты депутат атануымен құттықтаған еді.

«Почему то оны ұстамайды, 15 күнге қамамайды» - Дәулет Төлеутайұлы (видео)
Заманбек Нұрқаділовтың қарындасының қызы бүкіл шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу