Саясаткер «Нұр Отанды» қолдаған Мақпал Жүнісоваға қатысты пікір білдірді (видео)

Oinet.kz 04-02-2021 1927

Отандық белгілі саясаткер Айдос Сарым әнші Мақпал Жүнісова туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлымен сұхбаты барысында айтты.

Айдос пен Мақпал.jpg

Сайлау алдында қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтың жұбайы Мақпал Жүнісова Нұр-Отанды қолдаған роликке түскен болатын.  Айдос Сарым сол сәтте әншіні сөккен халыққа өзінің жеке ойын айтты.

- Мұнда қандай қылмыс бар. Егер Мақпал жеңгем жұбайын өлтірген адамның кім екенін біліп отырса. Оның дүниеден өткеніне көзі жетіп отырса. Онда неге бұл партияны қолдамасқа. Өзінің есебі бар. Өзінің қисабы бар. Өзінің қызы бар. Соның болашағын ойлайды. Өзінің жағдайын ойлайды. Бір адамның дүниеден өткені, мейлі ұлық адам болсын, басқа болсын адамның күні адаммен ғой. Тірлігі басқасы. Әсіресе Мақпал жеңгемен қатысты айтылған әңгімені қабылдай алмадым немесе кейбір өнер жұлдыздарына басқасына. Ол айналып келген кезде тағы да жаман әдетінен шығады. Жабылып біреуге ғашық болу немесе лақтырып таптау деген сияқты нәрсеге келеді. Сені ешкім таптамауы керек қой. Мен ұнамаймын ба? Өзің партия жаса. Жаса да менен артық жұмыс жаса. Болды. Жұртқа ренжіп не қажеті бар - деді Айдос Сарым. 

Алтынай Жорабаеваның күйеуінің қызымен түскен фотосы көпшілікті сүйсіндірді
"Зейнетке шықса да жастарға сағат бермейтін мұғалімдер кету керек"
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу