Әміржан Қосан қазір қайда жүр?

Oinet.kz 18-02-2021 1268

Саясаткер Әміржан Қосан қазір қайда? Немен айналысып жүр? Көптің көкейінде жүрген осы бір сауалға қоғам қайраткері өзі жауап берді. Бұл туралы ол "Рейтинг" газетіне берген сұхбатында айтты.

Әміржан Қосанов.jpg

– 1997 жылдан бері ашық саясатта, оппозициядамын. Сондықтан Президент сайлауына дейін, одан кейін де мемлекеттік қызмет пен бизнесте жоқпын. Жұмысым – журналистика, қоғамдық-саяси және ағартушылық қызмет. Оның салалары мен бағыттары баршылық. Мәселен, «Жаңа Қазақстан» жобасы аясында Дос Көшім, Расул Жұмалы секілді азаматтармен арнайы «Ютуб» арнасын ашқанбыз, апта сайын хабар түсіріп келеміз. Мені асырап жүрген – мамандығым. Жеке бизнесім жоқ, билікті сынап жүрген маған бұл өкімет қандай бизнес жасатар еді? Керісінше, кезінде 1998 жылы «Реформа» атты қоғамдық қор құрғанбыз, бірақ 2003 жылы менің үстімнен қылмыстық іс ашып, оны жауып тынды. Өкіметтен бір де бір тендер алып көрмеппін. Өзімді бай адамға жатқыза алмаймын. Орта тапқа жататын шығармын... - деп жауап берді Әміржан Қосан.

Әңгімелескен Мария СӘУЛЕБЕКҚЫЗЫ

Нигерияда қарулы топ жүздеген студентті ұрлап алып кеткен
«Құдай жасанды, қуыршақ оппозициядан сақтасын!» - Әміржан ҚОСАН
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу