Шымкент: Аз қамтылған отбасыларға 1 650 газ есептегіш құрылғы орнатылды

Oinet.kz 26-02-2021 550

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушысы, азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаевтың қатысуымен брифинг өтті.

image.png

Баспасөз мәжілісінде спикер қала аумағындағы өрт қауіпсіздік ахуалы мен өрттің алдын алу жұмыстары бойынша баяндады.

– Шымкент қаласында өрттің алдын алу мақсатында департамент қызметкерлері мемлекеттік бақылау жүргізілмейтін үй секторлары мен автокөлік иелеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар телеарналар мен радиоларда сұқбаттар беріліп, бейнероликтер көрсетілуде. Яғни мамандар арнайы көліктермен көшелерді, жеке үйлерді тікелей аралау арқылы түсіндірме жасап, жаднамалар тарқатуда. Нəтижесінде, осындай насихат жұмыстары барысында қызметкерлер екі отбасыны газдан уланудан аман алып қалды, – деді Аманбек Алтынбекұлы.

Спикердің айтуынша, тұрмыс жағдайы төмен топтағы отбасыларға жеке меншік ұйымдар есебінен 1 650 газ есептегіш құрылғы орнатылған. Ал он үш үйдің электр сымы жарамды күйге келтірілген. Сондай-ақ, алдағы уақытта Білім басқармасымен бірлесіп, қаланың әр мектебінде жас құтқарушылар тобын жасақтау жоспарланып отыр. Бұл шараның мақсаты балаларды қауіпсіздікке, оның ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға баулу болмақ.  

Айта кетейік, бүгінде насихат жұмыстарының ауқымын кеңейту үшін ерікті ұйымдар мен әкімшілік, ҚазТрансГаз қызметкерлері жұмылдырылған. 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Ернар Мамыр

«Борат-2» «Алтын глобус» алды
​Шымкент қаласының аудандық соттарына түскен 10 528 іс шешімін тапқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу