Бұрынғы күйеуі аяусыз соққыға жыққан (видео)

Oinet.kz 07-04-2021 1565

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы тұрғынының видео үндеуі пайда болды. Видеода бұрынғы күйеуі ұрып-соғып, қорқытқанын айтқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

әйел соққы.jpg

Видео кадрларынан әйелдің бетінде соққының ізі көрінеді. Жәбірленушінің айтуынша, бұрын азаматтық некеде болған күйеуі оны 31 наурызда ұрып-соққан.

- Үйге мас күйінде достарымен келді. Мені көлікке күштеп кіргізді. Сонда ұрып-соқты. Өтіп бара жатқан адамдар полиция шақыратынын айтқанда, басқаларына көліккті жүргізуді бұйырды. Мен көліктің артында жаттым. Ол менің үстімде отырып ұрып-соғуын жалғастырды.  Кейін олар мені далаға шығарып, ішуге мәжбүрледі. Бірақ мен ішімдікті төгіп тастадым. Үстімдегі көйлегімді жыртып "сені ұстап тұрамын, мыналар сені зорлайды" деді. Сосын көзімнен басымен ұрды, - деді әйел.

Әйелдің айтуынша, оларды ауылға қайтар жолда полиция күтіп алған.

- Сол күні арыз жаздым, қабылдап алды. Олар қазір бостандықта. Мен балаларым және өзім үшін қорқамын. Ол мені, балаларымды және үйді өртеп жіберемін деп қорқытты. Полиция қызметкері оның туысы екенін айтты, - деді ол.

Әйел басынан ауыр соққы алып, емделіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол өзін ұрып-соққан адамдардың бостандықта жүргеніне наразы.

Алматы облыстық Полиция департаменті 31 наурызда Балқаш ауданы полициясына Ц. есімді тұрғын оны ұрып-соққан бұрынғы жұбайының үстінен арыз түсіргенін хабарлады.

- Факт Балқаш аудандық ПБ-да тіркелді. Зардап шеккен адамдағы дене жарақаты дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі, - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Кенесары ханның бас сүйегі табылды
Мәжіліс жерді шетелдіктерге беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу