Депутат қарапайым қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынды

Oinet.kz 22-04-2021 7199

Парламент мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі Мақсат Раманқұлов қарапайым қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынды. Айтуынша, жыл сайын инфляция қысып бара жатса да, санитар, еден жуушы, жедел жәрдем жүргізушісі сынды техникалық қызметкерлер 60 мың теңгеге күнелтіп жүр, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Максат Раманкулов.jpg

- Жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы шамамен 70-75 мың теңге және ол бес жылдан астам уақыт бойы жоғарылаған жоқ. Мектептер мен балабақша техникалық қызметкерлерінің жалақысы шамамен 50 мың теңге. Мұндағы қызметкерлердің көпшілігі өз жұмысын адал атқарады және ондаған жыл бойы осылай жұмыс істейтін шынайы энтузиасттар, - дейді Мақсат Раманқұлов. 

Депутаттың айтуынша, жыл сайын мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы 20-30 пайызға артып жатады. Ал олардың қасындағы жай қызметкерлер, яғни, санитарлар, ассистенттер, еден жуушылар, жедел жәрдем жүргізушілері, мұражай, өнер, мектеп, балабақша, кітапхана, мұрағат саласындағы өзге де қызметкерлер назардан тыс қалуда. 

Тіпті тарихшылар, өнертанушылар арасында жоғары білімі бар қызметкерлердің орташа жалақысы 60 мың теңгенің айналасында, дейді ол. 

Мәжілісменнің сөзінше, айлықтың аздығынан осы санаттағы қызметкерлер ипотекалық үйге қолы жетпей, ондаған жыл бойы жалдамалы пәтерде жүр.

Айқын Төлепбергеннің оғаш биі желіде сынға қалды (видео)
Қазақстан 27 елмен қылмыстық істерге қатысты құжатты бекітті - Сенат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу