Алматыда атыс шығарған ер адам 17 қабаттан секіріп кетіп көз жұмды (фото)

Oinet.kz 25-04-2021 1414

Алматы қаласындағы Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің 17-қабаттынан секірген ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Алматы қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

news_full1619278298821e432b33c2b188277ba1d117e1fd8f.jpg

"Күдікті жауапкершіліктен қашу үшін өзін атып тастаған. Артынша өзі пәтердің терезесінен секіріп, көз жұмды", - деді Алматы полициясы басқармасы бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері атыс қаруын қолданбаған. Сонымен бірге, келіссөздер процесінің барлық кезеңінде күдікті баспалдақтар тарапына шамамен 30 рет оқ атқан.

"Бұл блоктың тұрғындары эвакуацияланды. Осыдан кейін күдіктіні арнайы жасақ ұстау туралы шешім қабылдаған", - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы.

Полиция қызметкерлеріне зиян келмегені айтылады.

Еске салсақ, осыған дейін  Алматыда Бұқар Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінің күзетшісі жарақат алды. Белгісіз адам оған аңшы мылтығымен оқ атқан. Содан ол пәтеріне жасырып алды. Полицейлер оны пәтерінен шығару амалдарын жасады. 

«Ақшаны заңсыз тапсам, шетелге алып қашар едім» - Экс-министр
"Жерді жекеменшікке беруге қарсымын, оған халық дайын емес" - Мәжіліс депутаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу