Шымкентте теміржолшылар жалақысын 250 мың теңгеге дейін көтеруді талап етті

Oinet.kz 09-07-2021 1790

Шымкентте теміржолшылар бас көтерді. Олар басшылықтан жалақыларын көтеруді талап етті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Screenshot_6.jpg

Жұмысшылар 120 мың теңгелік жалақының ешнәрсеге жетпейтінін айтып шағымданды. Олар жалақыларын екі есеге арттыруды талап етуде. 

"Біз еңбекақымызды 250 мың теңгеге дейін көтеруді талап етеміз. Басшылық тарапы бізге ыңғайлы жұмыс жағдайын жасауы керек. Әр маусым сайын жаңа қызметтік киім берілуі тиіс, ал біз тек жылына бір рет қана аламыз. Өзіміз сатып алуымызға тура келеді. Шымкентте ең аз жалақы бізде ғана", – дейді теміржол қызметкері Нұржан Әшірбаев. 

Наразылық шарасына 100-ден аса адам шыққан. Азық-түлік қымбаттап, аймақтағы аптап ыстыққа қарамай жұмыс істейміз деген олар жалақыларының ешнәрсеге жетпейтінін айтады. Жұмысшылардың жанайғайын тыңдаған ұйым өкілі бұл мәселе қарастырылып жатыр деп сендірді. Сонымен қатар ол теміржолшыларға дер кезінде хабар бермегендер жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. 

"Бүгінгі мәселенің шешімін таптық. Басшылыққа міндетті түрде жеткіземіз. Қызметкерлермен жұмыс жасамағандарды жазалу туралы қарастырамыз. Алдағы уақытта нәтижемен бөлісеміз", – деді Шымкент қалалық ҚТЖ АҚ магистральді желісінің директоры Қайырбай Орынбаев. 

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да оқ атылды
Жазира Байырбекова АҚШ-та тұрып келген сіңлісімен қауышты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу