Түркістан: "Керуен сарайда" күніне 1000 доллар табыс табуға болады

Oinet.kz 04-08-2021 797

Түркістан қаласындағы "Керуен сарай" туристік кешенінде балмұздақ сататын Жамбыл Сәрсенбаев күніне 1000 АҚШ доллары көлемінде пайда табады. Бұл - оның пандемия кезіндегі табысы. Мереке күндердегі табысы тағы өседі. Түркістан қаласының тұрғыны кешеннен бірнеше дүңгіршек ашып алған.

image.png

- "Сауда өте жақсы. Демалыс күндері 1 мың доллардың үстінде пайда табамыз. Еңбегімізді ақтап жатыр. Бағамыз қаладағы бағамен бірдей, қымбат емес. Келушілер көп болатын. Демалыс күндері ине шаншар орын болмайды. Облыс әкімдігі жеңілдіктер ұсынып жатыр. 4 пайызбен несие береді. Соны пайдаланатын боламыз", - дейді ол. 

Туристік кешендегі сауда сөрелері  халыққа қызмет көрсете бастады. Мұнда әлемге әйгілі брендтер саудасын жүргізуге қызығушылық танытуда. "Керуен сарайда" ашылған жаңа сауда орындарының жұмысымен танысу үшін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев туристік кешенді аралап шығып, жаңадан ашылған "Magnum" супермаркетінде болды. Жаңа гипермаркетте қолжетімді бағада азық - түлік ұсынылған. "Керуен сарай" туристік кешенінде жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында Түркістан облыстық әкімдігінің қолдауымен 4%-бен жеңілдетілген несие беріледі. 

image.png

- "Осы "Керуен сарай" кешеніндегі сауда орталығының аумағы 23 мың шаршы метрден асады. Бұл инвесторларға, яңғи кафе, ресторан және киім -кешек саудасына арналған. Соның 54% ашылуға дайын. Одан бөлек, тағы 20% -мен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, инвесторларға сауда нүктелерін жалға алуға жеңілдік беру үшін арнайы "Түркістан" әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы" арқылы "Яссы" бизнес деген несие беру жобасы ашылды. Кәсіпкерлерге 27 млн. теңгеге дейін 4 пайызбен 5 жылға дейін кредит беріледі. Яғни кәсіпкерлер осы ақшаны алып, жөндеу жұмыстарына, өз қажетіне  пайдалануға толық мүмкіндіктері бар. Оған қосымша, осы мәдени - рухани  орталық "Turkistan" арнайы экономикалық аймақтың аумағына кіреді. Сондықтан көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Барлық инвесторларды осы жерде бизнесін өркендетуге шақырамыз. Қазірде ірі сауда брендері "Керуен сарай" кешенінде жұмыс жасауға қызығушылық танытуда", - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов. 

image.png

Түркістандағы Орталық Азиядағы ең ірі "Керуен-сарай" туристік кешені Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жақын жерде орналасқан. Инвестициялық жобаны "Turkistan Tourism City" компаниясы іске асырды. Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді. Кешеннің Орталық Азияда баламасы жоқ және ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен кейін өңірге туристер мен инвестицияларды тартатын басты орталыққа айналды.

image.png

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Карантиндік шектеу шараларының сақталуы күшейтілуде
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 519 жағдайы тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу