Қайрат Нұртас ағасы Арманға өлең арнап құттықтады

Oinet.kz 27-08-2021 1081

Танымал әнші Қайрат Нұртас “Дикий Арман” лақап атымен танылған қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевке желіде жазба арнап, оны туған күнімен құттықтады.

6128766e10aa7479890636-700x393.jpg

Әнші туған күн иесін өз ағасындай көретінін жасырмай айтып, оған деген асқан сыйластығын көрсетті.

“Ағасы бардың жағасы бар, мен үшін биік бағасы бар, сөзінің жанға дауасы бар Арман ағамды жеке мерекесімен құттықтаймын. Бар жақсылықты тілеймін. 

Жақсы адам жақсылықтан айрылмасын, 

Қазағым деп жүргендер қайғырмасын. 

Алла қолды ешкімге жайдырмасын. 

Ақиқаттың жолында жүрген адам, құдайым тура жолдан тайдырмасын”, – деп жазды Қайрат Нұртас.

Өнер иесінің жазбасына Арман Жұмагелдиев бірінші болып жауап беріп, інісіне алғысын жеткізген.

Оған қоса, эстрада жұлдызының құттықтауына барша желі қолданушылары да қосылған. Олар да туған күн иесін жеке мерекесімен құттықтап, өз тілектерін айтқан. 

Мөлдір Әуелбекова орамалын сөз ете беретіндерге шүйлікті
Тұрғын үй реформасын қолдаушылар көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу