Жамбылдағы жарылыстан қаза болған 14-ші азамат кім екені белгілі болды (фото)

Oinet.kz 30-08-2021 14287

26 тамыз күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орын алған жарылыста қаза болып, күні кеше денесі табылған 14-ші азаматтың кім екені белгілі болды. Бұл туралы ақпаратты 31 арна тележүргізушісі Ирина Советжанқызы Instagram парақшасында хабарлады.

Жамбыл жарылыс.jpg

- Бұл Саят Әлімбеков, офицер-майор. Кеше апат орнынан 14-ші адамның денесі табылды деген ақпарат тарағанымен, кім екені айтылмады. Кеше түстің кезінде табылған азамат — офицер-майор Әлімбеков Саят Жанатұлы.1985 жылғы. Ол 28349 әскери бөлімінің офицер-майоры екен. Саяттың артында үш баласы қалды, үлкені 6 сыныпқа барады, жалғыз ұлы биыл 1 сыныпқа аяқ басады екен. Марқұмның достары, қызмет бабында опат болған азаматтың аты-жөні айтылмай жатқанына наразы - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ирина Советжанқызы (@irina_31tv)

Аймағамбетов Тұрсынбектің қызының қатысы бар іске байланысты пікірін білдірді (видео)
Түрік азаматшасы үйіне Қазақстан туып іліп, Жамбылдағы жағдайға байланысты көңіл білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу