«Құдалықтан қалған киімдер секілді» - блогер Дәулеттен (фото)

Oinet.kz 03-09-2021 1415

Білім күніне орай оқушыларға министрлік тарапынан әлеуметтік көмек ретінде көпбалалы отбасыларға берілген мектеп формасы көпшіліктің сынына қалды. Біздің елде көп нәрсе жай ғана галочка үшін жасалатыны айтылуда. Бұл туралы белгілі блогер Дәулет Төлеутайұлы Instagram парақшасында жазды.

мектеп формасы.jpg

- Айтам ғой, біздің елде көп нәрсе жай ғана "галочка" үшін жасалады. Түркістан облысында көпбалалы отбасылардың балаларына көмек ретінде осындай костюм-шалбарлар берілген. 4 оқитын бала қалай 46 размер (өлшем) кимек?! Төплилері маған дәл. Құдалықтан қалған киімдер секілді - деп жазды блогер.

Мектеп оқушыларына Үкімет тарапынан берілген киім-кешекті көрген көпшілік түрліше пікір білдіруде.

- "Күлкілі емес, бергенсоң өлшемі де, сапасы да дұрысын беру керек, немесе берді ат жасап, для галочки берудің қажеттілігі жоқ", "Главный берілді ма,берілді деген сөзғой бұл. Басқада шаруалары жоқ", "Сол құдалықтың киіміғо қазір той аз", "Мектепке ракмет айтып әкесі киіп алған дисің", "11 класқа дейін киімнен бірақ құтылыпты ғой", "Акшасын берсиш оданда. Жетпеген жерін жеткізді гои ата ана. Әлемге әйгілі болғанша", "Мектеп бітіріп студент болғанша жетеді зато", "Күліп тұрып, жылағың келеді. Оңбағандар", "Өздерінің балаларын солай киіндірсе ғана түсінеді. Әйтпесе аш бала, тоқ баламен ойнамайды деген сияқты ғой" - деп жазды желі қолданушылары.

Жириновскийдің мәлімдемесін қолға попкорн алып тыңдау керек - АБАЕВ
Ауғанстаннан 13 қазақ отбасының 200 адамы елге жеткізіледі (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу