«Әулетімізбен органда істейміз»: Шымкентте оқушыны ұрған әжей айыппұлмен құтылды

Oinet.kz 16-10-2021 3390

Шымкентте бөтен біреудің баласына қол жұмсаған әжейге сот 29 мың теңге айыппұл салды. Алайда зардап шеккен бірінші сынып оқушысының анасы бұл шешіммен мүлдем келіспейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Жәбір көрген баланың анасы Жанар Жаппарқұлова әйелдің заң бойынша халық алдында кешірім сұрағанын қалағанын айтады.

"Мен ол әйелдің заң бойынша көпшіліктің алдында кешірім сұрағанын қаладым. Себебі біз заң алдында барлығымыз бірдейміз, кішкентай балаға қол көтеруге болмайды. Бірақ, өкінішке қарай, мен өз мақсатыма қол жеткізе алмадым. Өйткені ол өзін кінәлімін деп сезінбейді, тіпті менен кешірім де сұраған жоқ", – дейді Жанар.

Әйелдің кішкентай оқушыға қол көтерген уақыты тамыз айында болған. Мұғалімдердің сөзінше, ол бастауыш сыныпқа баса көктеп кіріп, басқа балалардың көзінше оқушыға дүрсе қоя берген. Кейін белгілі болғандай, әйел осындай әрекетімен өз немересіне араша түскісі келген. 

Алған соққыдан баланың беті көгеріп, басынан ауыр зақым алған. Қазір бұл аурулардан толық айыққан, әйткенмен анасы Жанар Жаппарқұлова ұлының үлкен психологиялық соққы алғанына сенімді. 

Сот ашық түрде өткенімен, айыпталушы тарап баспасөз өкілдерінің қатысуына қарсылық танытқан. 

Футболдан аудан әкімінің кубогі сарапқа салынды
Танымал әнші Жарқынай Ханайым Өзбекстан шекарасында ұсталып қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу