Түлкібас: Ақынға құрмет көрсетілді

Oinet.kz 25-10-2021

Тамыр терең Түлкібас өңірінен көптеген ақындар, жазушылар және ғалымдар түлеп ұшқаны баршамызға аян. Сондай азаматтың бірі, ақын, жазушы, сазгер Тұтқбай Иманбеков. 

image.png

Тұтқабай Иманбеков 1937 жылы Түлкібас ауданы, Ақбиік ауылында туған. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген соң республикалық "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып  жұмыс атқарған. 1967—1977 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор, 1977-1979 жылдары  ҚазМУ-дың журналистика факультетінде аға оқытушы,  1980-1983 жылдары «Ара» журналының жауапты хатшысы, 1983-1995 жылдары «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болған.

 Алғашкы өлеңдері 1957 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарык көрді. Сонан соң "Пионер" журналында әңгімелері жарияланды. 1967 жылы "Ақ кайың", 1970 жылы "Бұлақ күліп ағады" жыр жинақтары жарык көрді. 1976 жылы "Последняя охота", 1981 жылы "Тень тутовника" атты кітаптары орыс тілінде басылып шықты.  Оның өлендері башқұрт тіліне аударылды. "Жетім қыран" повесі украин тілінде жарық көрді. "Араша" атты поэмасы "Жалын" альманағының бәйгесінде үшінші сыйлық алды. Жазушынын "соғыс деген ойыншық емес" атты хикаясы бойынша "Қазақфильм" студиясы қысқа метражды фильм түсірді. Чех жазушысы М.Майерованын "Кішкентай Робинзон" атты кітабын, А.Гайдардың "Тимур және оның командасы", С.Баруздиннің "Бірінші сәуір — көктемнің бір күні" атты повестер жинағын, адыгей халқының ертегілерін "Нарттар" деген атпен қазақ тіліне аударды. "ұлы ақындар кітапханасы" сериясы бойынша П.Ж.Беранженің бір топ өлендерін, Бауыржан Момышұлының "Ұшқан үя" кітабын қазақшалады. 

image.png

Бар саналы ғұмырын әдебиет пен газетке арнаған Тұтқабай Иманбеков даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы, жазушы Қасым Қайсенов, Оралхан Бөкей сынды алып қаламгерлер қанаттасса еңбек етті. Туған жері Ақбиік ауылына ертіп келіп, таныстырған. Тұтқабай Иманбеков атында ауданға қарасты Ақбиік ауылында мектеп атауы берілген. Осы мектепте елімізге танымыл ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, ауданның зиялы қауым өкілдері бас қосып, Тұтқбай Иманбековке арналып, салынған бюсті ашылуына қатысты. Жиында аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты жазушы, Д.Тұрлыбек, ақын, сатирик А.Боранбайұлы сөз сөйлеп, Тұтқабай Иманбековтің өмірі мен еңбектері жайлы естелік айтып, бюсті ашты.

Ақынға құрмет көрсету шарасы Т.Рысқұлов ауылында жалғасып, аудандық Мәдениет сарайында Тұтқабай Иманбеков өмір жайлы дайындалған деректі фильмі тамашалады. Сонымен қатар Тұтқабай Иманбеков жайлы жазылған жаңа кітаптың тұсау шешер жиыны өтті. Жиында қарымды қаламгер, «Түркі әлеміне қызмет үшін» сыйлығының лауреаты М.Байғұт , ақын Н.Бегалин, Тұтақбай Иманбековтың туысы Нияз Иманбеков сөз сйлеп, жаңа кітаптың тұсауын шешті.

image.png

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тесік нәски сәнге айналды (фото)
22 жастағы ана үшем қызына ерекше есімдер қойды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×