Үш баласымен тоғызыншы қабаттан секірген әйелдің туыстары сұхбат берді

Oinet.kz 23-11-2021 1327

Алматыда үш баласымен терезеден секірген әйелдің ата-анасы қыздарының отбасы туралы айтты. Бұл туралы Oinet.kz сайты Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция.png

Әйелдің ата-анасы Шымкентке Өзбекстаннан 2000-жылдардың басында көшіп келген. Олардың айтуынша, қыздары екі жыл бұрын медицина академиясын тәмамдады.

Ол тұрмысқа осыдан жеті жыл бұрын шыққан. Ерлі-зайыптылар Алматыда пәтер жалдап тұратын, деп хабарлады Экспресс К.

Жеті жылда ол үш баланы дүниеге әкелген. Алайда соңғы кезде олардың арасында кикілжің пайда болды. Әйелдің туыстары күйеу баласы туралы жақсы пікірде емес.

- "Біз мұның бәріне кінәлі күйеуі деп ойлаймыз. Мұндай қадамға жетіскеннен барған жоқ қой. Оның күйеуі жұмыссыз. Күйеуіне әпкелері көмектесетін. Біз қызымыз мұндай қадамға әлеуметтік мәселе үшін барды деп ойламаймыз. Ол моральдік тұрғыдан әбден шаршаған сияқты. Ағалары мен әкесі мәйіттерді алып келу үшін қалаға кетті", - дейді туыстары.

Әйел мен балалардың жаназасы 24 қарашада шығарылады.

Басылымның мәліметінше, бірнеше жыл бұрын әйелдің сот орындаушылармен проблемасы болған. Борышкерлердің бірыңғай реестріндегі мәліметке сәйкес, оған шетелге шығуға тыйым салынған. Сондағы қарыз мөлшері - 67 238 теңге. Бұл ақшаны ол онлайн-несие ретінде микроқаржылық ұйымдардан алған.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қарашада Алматыда жас әйел үш кішкентай баласымен тоғызыншы қабаттан секіріп кетті. 

Трагедия "Жетісу" шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылғы балаларымен бірге 9-шы қабаттан секіріп кетті. Олардың төртеуі де көз жұмды.

Терезеден үш баласымен секіріп кеткен әйелдің күйеуі сұхбат берді
Аудан басшысы құрылыс нысандарын аралады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу