«Желтоқсан жаңғырығы жадымызда» атты әдеби реквием өтті

Oinet.kz 30-11-2021

Screenshot_1.jpg

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Парасат жолы жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязовтың тікелей қатысуымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда» атты әдеби реквием ұйымдастырды. 

Іс - шара барысында арнайы шақырылған қонақтар, тарихшылар 30 жылдық дербес тарихымыздың әр тұсына көз жүгіртіп, өнегелелі - өрнекті сәттерін түртіп өтсе, «Қазаққа қазақ басшы керек» деген ұранмен алаңды жаңғырыққа толтырғандардың арасында болып ел үшін тартысқа түскен тұлғалар, «Желтоқсан» оқиғасының куәгерлері сол күні бастан кешкен, көзбен көрген оқиғаларды баяндап, ескіліктің еншісінде қалған естеліктерін жаңғыртты. Тәуелсіздіктің құрдастары қайсарлық көрсеткен аға буын өкілдеріне алғыстарын білдірді. Белсенділігі жоғары оқырмандар да көңілдерін мазалаған сауалдарын қойып, кездесудің қызығына қызу қоса түсті. Кеш соңында өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалардың ортасында болған батырлардың әңгімесін, өнегесін тыңдаған кітапхана оқырмандары аға буын өкілдеріне зор алғыстарын білдірді.

Басқарма басшысы баяндама жасады
Зорлық-зомбылықсыз ортаны насихаттауға бағытталған республикалық акция басталды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×