Достықта демеушілер есебінен екі алаңша ел игілігіне берілді

Oinet.kz 30-11-2021

Биыл Қаратау ауданында 29 орынға ашық спорт алаңшасын ел игілігіне беру жоспарланған. Бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Достық шағынауданында 2 ашық спорт алаңшаның құрылысы бітіп, тұрғындарға пайдалануға берілді.  

image.png

Алаңша «Шымкент қайырымды қала» демеушілер есебінен салынды. Енді балалар ашық спорт алаңшасында бұқаралық спорпен еркін айналысуына мүмкіндік алды. Алаңша қажетті құрылғылармен жабдықталған. 

Айта кетейік, аудан аумағындағы Асар, Ақжайық, Нұрсәт, Азат, Нұртас  шағынаудандары мен Сайрам, Қайнарбұлақ, Достық, Өтеміс тұрғын алаптары, Бозарық саяжайында спорт алаңшалары салынып, қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа кітаптар жарық көрді
Шымкент: Балалар ауруханасы жаңа құрылғымен толықты


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×