Абай ауданында сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші артуда

Oinet.kz 08-12-2021 366

Абай ауданына қарасты Ақтас-2 елдімекенінде тұратын 200 отбасы бұған дейін ауыз суды тасмалдап ішіп келген. Ағымдағы жылы мөлтек ауданға таза су құбырын тарту жұмыстары толығымен аяқталып, тұрғындар сапалы сумен қамтамасыз етілді. Тартылған су құбырының жалпы ұзындығы 50,9 шақырымды құрайды. 

image.png

Қала тұрғындарының 95,6 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіш биылғы жылы жүргізіліп жатқан 14 нысанның құрлысымен толықтырылуда.  

Алдағы уақытта суды тасымалдау арқылы тұтынып отырған  Асар-2, Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас елдімекендері мен кестемен таза су ішіп отырған Жаңаталап пен Сәуле мөлтекаудандарындағы мәселе өз ретімен шешілуде. 

Ағымдағы жылдың соңына дейін қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98 пайызға жететін болады.

Шымкент: Шетелдік жұмыс күшін тартуға 322 бірлік квота бөлінді
Шымкентте барлық көрсеткіш бойынша өсім байқалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу