Тергеуде көз жұмған жігітті полицейлер ұстап алып кеткен сәттің видоесы жарияланды

Oinet.kz 23-12-2021 1272

Шымкент қалалық Полиция департаменті ғимаратында көз жұмған Нұрболат Жұмабаев пен оның досы Сергей Петровты ұстап әкету операциясының видеосы пайда болды. Бейнежазбадан дәмхана алдында алаңсыз тұрған Нұрболат Жұмабаевқа арнайы жасақтың бірнеше қызметкері тап бергенін көруге болады. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлардан арнайы жасақтың марқұмды көшенің ортасында тепкінің астына алғанын да байқай аласыз, деп хабарлайды Экспресс К.

image.png

Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаға қатысты бейнежазбалар Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жария етілді.

Журналист бейнебақылау камерасынан алынған екі видеоны бөлісті. Оның бірінде дәмхана алдында телефонмен сөйлесіп, алаңсыз тұрған Нұрболат Жұмабаевқа арнайы жасақтың бірнеше қызметкері жабылып, қолын қайырғанын көруге болады. Марқұм бұл сәтте арнайы күшке ешқандай қарсылық танытпайды. Қайта керісінше, қолы қайырылған оны жерге жатқызғандар тепкінің астына алады.

Екінші видео дәмхана ішінде түсірілген. Онда тамақтанып отырған Сергей Петровқа да күш қолдана отырып, ұстап әкеткенін көруге болады.

Ал Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында Нұрболат Жұмабаев пен Сергей Петров жедел әрекет ету жасағы мен полиция қызметкерлерінің ұстау операциясы кезінде қарсылық танытқанын мәлімдеген болатын.

Еске салсақ, 8 желтоқсанда Шымкенттегі Полиция департаментінде 31 жастағы Нұрболат Жұмабаев көз жұмды. Экспресс К тергеу кезінде көз жұмған қостанайлық жігіт туралы бұған дейін жазды.

Көз жұмған жігіттің туыстары Нұрболат Жұмабаев Шымкентке болашақ жарын алып кету үшін келгенін айтты. 17 желтоқсанда келіннің беташар рәсімін өткізуді жоспарлаған.

Оқиға болған күннің ертеңіне қайтыс болған жігіттің әкесі ұлын полицейлер ұрып өлтіргеніне сенімді екенін айтты. Ал Полиция департаментінің бастығы журналистерге марқұм тергеу кезінде өзін жайсыз сезініп, кенеттен қайтыс болды деп мәлімдеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)

Алексей Цой: «Министрліктен кету туралы шешімді 8 ай бұрын қабылдадым»
Бала ата-ана алдында борыштар ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу