Бүркіт: Бұл деген нағыз оңбағандық!

Oinet.kz 13-01-2022 3346

Әнші Бүркіт елде болған тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді. Алматы көшесінен видео жариялаған ол митингке шыққан қарапайым халықтың мұндайды жасамайтынын айтты. 

Screenshot_13.jpg

"Обал-ай! Біздің әсем қала Алматымыздың көшесі деп айту қиын, сену қиын. Митингке шыққан қарапайым халық мұндайды жасамайды. Қарапайым халық өзінің үйін тонамайды, қиратпайды. Бұл сұмдық нәрсені тоқтату керек. Не мынау? Осылай істеуге бола ма? Бұл деген нағыз оңбағандық. Адамдарды өлтіріп, барлығын қиратып, жандырған", – деді Бүркіт. 

Сондай-ақ ол ақпарат қабылдап, таратуда абай болуға шақырды. 

Жарылыста қаза тапқан Мейіржан Аймановтың отбасына үш бөлмелі пәтер берілді
Сәбит Әбдіхалықов: Қазіргі үйімді кәсіпкерлер салып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу