Жарылыста қаза тапқан Мейіржан Аймановтың отбасына үш бөлмелі пәтер берілді

Oinet.kz 13-01-2022 1945

2021 жылдың 21 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған жарылыс кезінде ерлікпен қаза тапқан Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Аймановқа “Халық қаһарманы” атағы берілді.

Screenshot_12.jpg

Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің Instagram парақшасында жарияланды. 

"Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Көпбосынұлына туған еліне сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Президентінің 2021 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен, қайтыс болғаннан кейін айрықша ерекшелік белгісі — "Алтын жұлдыз" және "Отан" ордені тапсырыла отырып, "Халық қаһарманы" атағы берілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев марқұмның жары Қарлығаш Аймановаға 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Халық қаһарманының артында әйелі мен 5 баласы қалды.

«Халық қарызға белшеден батты» Нұрлан Албан Президенттен несиені кешіруді сұрады
Бүркіт: Бұл деген нағыз оңбағандық!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу