Мектеп мұғалімдері «Қазақстан халқына» қорына ақша аудару керек пе?

Oinet.kz 17-01-2022 917

«Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуға міндетті емес. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдәулиева Facebook-тегі парақшасында жазды.

Screenshot_3.jpg

"Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр. БҒМ-ге ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары хабардар. Дегенмен, мұндай мәселе туындап жатса, маған жаза аласыздар", - деді ол.

Адам өмірін опасыздықпен қиған содырлар әділ жазасын алуға тиіс - сенатор
Қайрат Нұртастың келіншегі әкесінен кешірім сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу