Зағип жандар Наурызды тойлады

Oinet.kz 18-03-2022 965

Шымкентте көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Наурыз тойы тойланды. Мерекелік шарада Түркістан өңірінің әр ауданы меп қаласынан арнайы келген зағип жандар салт-дәстүрді насихаттап өзара сынға түсті. 

Screenshot_1.jpg

«Қазақ зағиптар қоғамы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынбек Нұрғалиев пен Қазақстан Журналистер Одағы филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай жиылған жұртты Наурыз мерекесімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Ұлыстың ұлы күнін тойлауды салт-дәстүрді дәріптеп, дені сауларға да үлгі көрсеткен зағип жандардан құралған «Серілер» және «Арулар» топтары 5 кезең бойынша өзара бәсекелесіп, өз өнерлерін ортаға салды.

Мәди Ахмет еліміздегі жастарды уайымдап шырылдап жүр
Түркістанда «Түркістан - ер түріктің бесігі» атты республикалық ақындар айтысы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу